Елорданың тұрғын үй басқармасы 193 мемлекеттік бағдарлама қатысушыларын іздеуде
Тұрғын үй құрылысының 2005-2007 және 2008-2010 жылдарға арналған (бірінші кезең) мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй комиссиясының оң шешімін алған азаматтарға ағымдағы жылы пайдалануға енгізілген үйлерден пәтерлер берілді. |
Бірақ, бүгінгі таңға дейін 193 өтініш беруші (тізім қоса беріледі) шарт жасасу үшін Тұрғын үй басқармасына келмей отыр, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.
Осыған байланысты, аталған азаматтар ағымдағы жылдың 12 қарашасына дейін келмеген жағдайда, оларды тұрғын үй алушылар тізімінен шығару туралы мәселе тұрғын үй комиссиясының кезекті мәжілісіне шығарылатын болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін