Елорданың үздік ұстазы баспаналы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорданың үздік ұстазы баспаналы болды

Елорданың үздік ұстазы баспаналы болды

Бейбітшілік және келісім сарайында мұғалімдер күніне арналған салтанатты шара өтті.

  • 2 Қазан 2015
  • 626
Фото - Caravan.kz


Оған елорданың ардагер ұстаздары, қалалық білім беру мекемелерінің басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. 

Әдеттегідей, дәл осы күні 7 аталым бойынша үздік білім беру ұйымдары Астана әкімі гранттарының иегерлері белгілі болды. Атап айтқанда, №35 «Ертегі» балабақшасы «Үздік балабақша» атанса, «Үздік мектеп» аталымы №40 орта мектепке берілді. Ал «Үздік гимназия» аталымында №6 гимназия жеңімпаз деп танылды. Жеңімпаздарға «Астана Бәйтерек» кубогы беріліп, аталған білім ошағының оқытушылық қызметінде үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарының жалақысына 50 пайыздық үстеме қосылатын болды. Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі «Үздік колледж» атанса, «Шығыс» балалар-жасөспірімдер орталығына үздік қосымша білім беру ұйымы атағы берілді. Ал үздік мамандандырылған білім беру ұйымы аталымы №1 психологиялық медициналық-педагогикалық консультация орталығына бұйырды. 
Салтанатты шара барысында «Жыл мұғалімі — 2015» қалалық байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаз атанған №66 мектеп лицейінің бастауыш сынып ұстазы Светлана Бастемоваға пәтер кілті табыс етілді.
«Бүгін жыл қорытынысы бойынша үздік білім беру ұйымдары марапатталуда. Біз бұл оқиғаны барлық педагогтардың сүйікті мерекесі Мұғалімдер күніне арнайы орайластырып отырмыз. Үздік жалпы білім беретін мектеп, лицей-гимназия, колледж, балабақша жария етіліп, жыл мұғаліміне Астанадан пәтер кілті табыс етілді», — деді елордалық білім басқармасының басшысы Элмира Сухабердиева.
Өз қуанышымен бөліскен елорданың үздік ұстазы өз оқушыларына алғысын білдіріп, жеңіске солардың арқасында жеткенін баса атап өтті. «Менің педагогикалық өтілім 32 жыл. Жалпы, мен өз оқушыларымды түрлі жарыстарға қатыстырып, жеңіске ұмтылуға үйретемін», — деді С.Бастемова.
Елорда ұстаздарын Роза Рымбаева, Күміс Базарбаева, Алмас Кішкенбаев, Мәдина Садуақасова, Бақыт Шадаева, сынды эстрада жұлдыздары құттықтап, әннен шашу жасады.

Соңғы жаңалықтар