«Осы аптада қалалық барлық департамент төрағалары есеп береді. Соның нәтижесіне қарай жетекшілердің кәсіби біліктілігі тексеріледі. Соған байланысты жаңа тағайындаулар болатынын өздеріңіз түсініп отырған боларсыздар»,- деп мәлімдеді бүгін Елордасы әкімшілігінде болған шұғыл кеңесте Астананың жаңа әкімі Асқар Мамин.
«Әкімшіліктегі ауыс-түйістер қаланың тыныс-тіршілігіне әсер етпейді»,- деді А.Мамин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті