Газды-ауалы қоспаның тұтануы салдарынан қонақүйдің бір қызметкері 1-2 дәрежелі күйікке шалдығып, ауруханаға түсті.
Астанадағы "Окан-Интерконтиненталь" қонақүйінің қосалқы жайында газ баллонынан газ шығуы салдарынан газды-ауалы қоспа тұтанды. Бір қуанарлығы, қоспа одан әрі жанған жоқ және үй конструкциясы бүлінген жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Газды-ауалы қоспаның тұтануы салдарынан қонақүйдің бір қызметкері 1-2 дәрежелі күйікке шалдығып, ауруханаға түсті.