Елші Б. Сәрсенбаев пен Иордания Королі Абдалла ІІ Кеңсесінің басшысы И. Фахуридің кездесуінде «EXPO 2017» халықаралық көрмесін өткізуде Астанаға қолдау көрсету мәселесі қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елші Б. Сәрсенбаев пен Иордания Королі Абдалла ІІ Кеңсесінің басшысы И. Фахуридің кездесуінде «EXPO 2017» халықаралық көрмесін өткізуде Астанаға қолдау көрсету мәселесі қозғалды

Елші Б. Сәрсенбаев пен Иордания Королі Абдалла ІІ Кеңсесінің басшысы И. Фахуридің кездесуінде «EXPO 2017» халықаралық көрмесін өткізуде Астанаға қолдау көрсету мәселесі қозғалды

Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Болат Сәрсенбаев 17 қарашада Иордания Королі Абдалла ІІ Кеңсесінің басшысы Имад Фахуримен кездесіп, АӨІСШК-нің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медальді тапсырды.

  • 19 Қараша 2012
  • 289
Фото - Caravan.kz

Бұл жайлы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады

Қазақстан дипломаты иордан тарапына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, сондай-ақ Қазақстан Елшілігіне өз жұмысын жүргізуде қолғабыс көрсетіліп отырғанына ризашылығын білдірді.

И.Фахури өз кезегінде екі ел арасындағы өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейі Президент Нұрсұлтан Назарбаев мен Король Абдалла ІІ бен Хусейн арасындағы сенімді қатынастардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Кездесу барысында иордан министріне АӨСШК-нің 20 жылдығына арналған мерейтойлық медальді тапсырылды.

Сонымен қатар, тараптар «EXPO 2017» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Астананың кандидатурасына қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар