Елші Е. Ыдырысов Калифорнияда бірқатар кездесулер өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елші Е. Ыдырысов Калифорнияда бірқатар кездесулер өткізді

Елші Е. Ыдырысов Калифорнияда бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов Калифорнияда болған сапарының аясында бірқатар кездесулер өткізді,

  • 14 Маусым 2011
  • 419
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметінен.

11 маусымда Лос-Анжелесте алғаш рет Қазақстан киносының фестивалі ашылып, онда Елші Ерлан Ыдырысовтың сөз сөйлегенін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған еді.

АҚШ-пен арадағы іскерлік серіктестікті ынталандыру мақсатында Ерлан Ыдырысов Калифорнияда «Generation Next» қауымдастығының жас жетекшілерінің алдында сөз сөйледі. Елші Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихы туралы, тәуелсіздік жылдары қол жеткізіліп отырған саяси, экономикалық және әлеуметтік жетістіктер туралы әңгімелеп берді. Халықаралық қауіпсіздікті нығайту ісіне Қазақстанның қосып отырған үлестері де ерекше атап көрсетілді.

«Generation Next» өкілдері өз кезектерінде, жаңа қоғам құрудағы орнықтылықты, экономикалық дамуды және прогресті қамтамасыз етудегі Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалады. Жас американдық жетекшілер Қазақстанмен кеңінен танысуға ықылас білдірді және жақын келешекте біздің елімізге сапар жасау ниеттерін жеткізді.

Қазақстан елшісі сондай-ақ Калифорния өңірінің Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің құрылтайшыларының алдында дәріс оқыды. Кеңес президенті Сэр Элдон Гриффитс өз сөзінде, қарусыздану саласында Қазақстанның өзге елдерге үлгі болып отырғанын айтты, Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағалығындағы жұмысына, 2011 жылғы Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығы қызметіне жоғары баға берді.

Ал 12 маусымда Халықаралық зерттеулер жөніндегі Монтерей институтында кездесу өткізді.

Аталған шаралар Қазақстан Тәуелсіздігінің және Қазақстан мен АҚШ-тың арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 20 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Елшінің Калифорнияға сапары туралы қазақстандық және американдық БАҚ-тар да, атап айтқанда «Silk Road Newsline», «Аргументы и Факты Казахстан» және т.б. ақпарат құралдары жазды.

Соңғы жаңалықтар