Елші: Қытайлықтар үшін көктем мерекесі – теңдесі жоқ мейрам - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елші: Қытайлықтар үшін көктем мерекесі – теңдесі жоқ мейрам

Елші: Қытайлықтар үшін көктем мерекесі – теңдесі жоқ мейрам

Осы жылдың 2 ақпанында Қытай халқы шығыс күнтізбесіне сәйкес, жаңа жыл – көктем мерекесін тойлайды. Қытайлықтар үшін көктем мерекесі – Қазақстан халқының наурыз мерекесіндей теңдесі жоқ ерекше мейрам.

Көктем мерекесі – төрт мың жылдық тарихы бар, отбасылық бірігу, тыныштық пен бақытты дәріптейтін ең қуанышты, дәстүрлі әрі маңызды мерекелердің бірі.

Көктем

  • 28 Қаңтар 2019
  • 99
Фото - Caravan.kz


Көктем мерекесі – төрт мың жылдық тарихы бар, отбасылық бірігу, тыныштық пен бақытты дәріптейтін ең қуанышты, дәстүрлі әрі маңызды мерекелердің бірі.

Көктемде ауылынан жырақ кеткен қытайлықтар туған өлкелеріне оралып, отбасымен қауышып, ортақ мерекелік дастархан басында жиналады. Бұл қытай халқының отбасын бағалау, дәстүрді құрметтеу, үйлесімдікке ұмтылу сынды жақсы құрпының бейнесі. 

Қытай мәдениетінде көктем мерекесі – жаңару мен жаңғыру белгісі. Осы күнге дейін сақталған көптеген әдет-ғұрыпта қытай халқының танымдық сипаты бар. Шығыс күнтізбесіне сәйкес, 12 айдың 23-ші жұлдызынан бастап, Қытайда Жана жыл тойлана бастайды. Мереке қарсаңында әр отбасы үй ішін жиыстырып, құрбандық шалады, жаңажылдық тілектер жазылған қос қызыл жазбалар, «бақыт» иероглифін жабыстырып, келер жылдан тыныштық пен береке, қуаныш тілейді. 

Жаңа жыл қарсаңында әр отбасы тұшпара, үзбе қамырдан даярланған тәтті дөңгелек дәмділер жасайды. Мерекелік бағдарламаларды тамашалап, бірге тамақтанып, куанышқа толы әсермен келіп жеткен жылды қарсы алады. 

Үлкендер қызыл түсті қалташа немесе хатқа ақша салып кішілерге сыйлық таратса, кішілер үлкендерге мықты денсаулық тілеп құттықтайды.   Адамдар өздерінің туыс-жақындарына, көршілеріне және достарына, тіпті бөтен адамдарға, «Жаңа жыл құтты болсын» деп мерекелік ақ-тілектерін білдіреді. Кейбір орындарда, ғибадатханаларда арнайы Жаңа жылдық іс-шаралар өтеді. Халық серуенге шығып, мерекелік тағамдардан дәм татып, «Арыстан», «Айдаһар» билерін тамашалайды. 

2018 жылы Қытайдың реформа мен ашық есік саясатына 40 жыл толды. Соңғы 40 жылда Қытай әлеммен тығыз қарым-қатынаста болды. Қытай Жаңа жылы «көктем мерекесі» шекараны кеңейтіп, әлемнің көптеген елінің және аймағының тұрғындарына танымал болып, біртіндеп жаһандық мерекеге айналды.

2010 жылдан бастап «Көңілді көктем» мерекесін бүкіл әлем бірлесе атап өтіп жатыр. Әртүрлі елдегі, түрлі тілде сөйлейтін және әртүрлі мәдениеті бар адамдар әсерлі мәдени іс-шара – Қытайдың Жаңа жылы «көктем мерекесі» арқылы Қытайдың дәстүрі мен мәдениетін түсініп, көктем мерекесін бірге атап өту арқылы бір-біріне жақындаса түсуде. 

«Көңілді көктем» мерекесі көптеген жыл бойы Қазақстанда атап өтіледі. Астана, Алматы, Ақтөбе және т.б. қала-аймақтарда қытайлық жауынгерлік өнер у-шу, ән мен би, акробатика және халық музыкасы сияқты керемет қойылымдар өткізілуде. 2019 жылдың 15 қаңтарынан бастап ақпан айының ортасына дейін Қазақстандағы Қытай Елшілігі мен Қазақстанның Ұлттық музейінде «Көңілді көктем» атты фотокөрме ұйымдастырылуда. Осы көрме арқылы қазақстандықтар Қытайдың Жаңа жылдық мәдениеті мен салт-дәстүрін жақсырақ танып-біледі деген үміттеміз. 

«Адал ит ескі жылмен бірге кетіп, доңыз жаңа жылды қарсы алды». Қытайдың жұлдыз жорамалына сәйкес 2019 жыл — доңыз жылы, бұл жыл — бейбітшілік, бақыт және молшылық алып келеді. Жаңа жылда Қытай мен Қазақстан екі мемлекеттің басшылары бірігіп қол жеткізген келісім негізінде барлық кедергіні жойып, «Бір белдеу, бір жол» және «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты ұштасуы күшейіп, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық, гуманитарлық, өнеркәсіптік және инвестициялық аспектілерді екі елдің және олардың халқының игілігі үшін жан-жақты кеңейтіп, нығайтатынына сенімдімін.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстандағы Қытай Елшілігінің атынан және өзімнің атымнан Қазақстан халқын, отандастарымызды, Қазақстандағы қытайлық кәсіпорындарды және Қазақстанда оқитын қытайлық студенттерді шын жүректен жаңа жылмен құттықтаймын. Баршаңызға денсаулық, жұмыста табыс және отбасыңызға бақыт тілеймін!

Соңғы жаңалықтар