Елші: Сирия мәселесін реттеуде Астана процесінің маңызы зор - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елші: Сирия мәселесін реттеуде Астана процесінің маңызы зор

Елші: Сирия мәселесін реттеуде Астана процесінің маңызы зор

Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык қазақстандық БАҚ өкілдеріне өткізген брифинг барысында Астана процесі Сириядағы жағдайды барынша оңтайландырып, қанды қырғынды азайтуға айтарлықтай үлес қосқанын мәлімдеді.

  • 8 Қараша 2018
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.

Елшінің айтуынша, Түркия бұл бастаманы толық қолдайды. Өйткені қазір онда үш жарым миллион сириялық босқын жүр. Оларды орналастыруға 32 миллиард доллар жұмсалған. Сондықтан барлық тарап Сириядағы шиеленістің тезірек шешілуіне мүдделі.

Невзат Уянык президенттік жүйеге көшкеннен кейін де Түркия бітімгерлік және гуманитарлық көмек бағытындағы жұмыстарын жалғастыратынын алға тартты. Бұған қоса, елші алдағы уақытта Астанада өтетін кезекті процестен зор нәтиже күтетіндіктерін жеткізді.

«Сирия мәселесін реттеуде Астанадағы жиынның маңызы зор. Әсіресе, алда өтетін кездесуде нақты шешімдер қабылданып, тараптарды татуластыруға тағы бір қадам жасалады деп үміттенеміз. Біз Сирия топырағында тыныштықтың орнауы мен қазіргі қақтығыстың саяси шешім арқылы тоқтатылуын қалаймыз. Сондай-ақ Түркия БҰҰ-да енгізілген параметрлер негізінде саяси шешімнің орнауын қолдайды» дейді Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі.


Соңғы жаңалықтар