Ембі мен Шалқар арасындағы жолда көлік қозғалысы жанданды
Еліміздің екі облысы аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы жанданды. |
Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Алматы облысы аумағындағы борын салдарынан 7 қаңтарда «Үшарал-Достық» автожолының 0-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылған болатын. Кеше кешқұрым аталған жолда көлік қозғалысы жанданды.
Бұдан бөлек, Ақтөбе облысы өңіріндегі боранға байланысты кеше сағат 17.00-ден бастап «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 96-258 шақырымындағы «Ембі қаласы- Шалқар қаласы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынған еді. Бүгін сағат 09.00-ден бері бұл жол да ашылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін