Емельяненко небәрі 2 минуттың ішінде бразилиялық Педро Хиззоны есінен тандырды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Емельяненко небәрі 2 минуттың ішінде бразилиялық Педро Хиззоны есінен тандырды

Емельяненко небәрі 2 минуттың ішінде бразилиялық Педро Хиззоны есінен тандырды

Аралас жекпе-жек күрес түрінде кеңінен танымал ресейлік Федор Емельяненко бірінші раундта-ақ бразилиялық Педро Хиззоны нокаутқа жіберді,

  • 22 Маусым 2012
  • 458
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Утро. ру.

«Соңғы император» деген лақап атпен белгілі Федор Емельяненко жекпе-жекті баяу бастағанымен, екі минуттан кейін қыза түсіп, 37 жастағы қарсыласының басына бірнеше рет қатты соққы жасады. Хиззо есінен танып, құлап қалды, сөт төрешісі жекпе-жекті тоқтатып, ресейлік спортшының қолын көтерді.

Федор Емельяненко ауыр салмақта ММА аралас жекпе-жек бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы. Ол «Pride FC» нұсқасы бойынша 4 дүркін, «RINGS» нұсқасы бойынша 3 дүркін және «WAMMA» нұсқасы бойынша 3 дүркін чемпион. Сондай-ақ ол әскери самбо бойынша 4 рет әлем чемпионы атағын еншілеген.