емлекеттік секторда GPS-навигаторлар пайдалану бюджет қаржысын үнемдеуге көмектеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
емлекеттік секторда GPS-навигаторлар пайдалану бюджет қаржысын үнемдеуге көмектеседі

емлекеттік секторда GPS-навигаторлар пайдалану бюджет қаржысын үнемдеуге көмектеседі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Әлихан Бәйменовтың пікірінше, GPS-навигаторлар пайдалану бюджет қаржысын үнемдеуге көмектеседі.

  • 19 Қараша 2013
  • 719
Фото - Caravan.kz

«Мысалы, президенттің іс басқармасында GPS-навигаторлар қолданылатынын білемін. Жалпы, мемлекеттік органдарда ғана емес, квазимемлекеттік сектор мен бюджет саласында осындай құралдарды пайдалану мемлекет қаржысын едәуір үнемдеуге көмектесер еді», — деді ол сейсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен қатар, Ә.Бәйменов «болашақта бұл қаржының бір бөлігін қатардағы мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыруға пайдаланса болар еді» деген ұсыныс жасады.