Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ерболсын Серікбаев журналист Аман Тасығанға сұхбат берген.
«Көп емшілерді кездестіремін, жаным ашиды. Бұны қазір мен айтып отырмын, кезінде мен өзім де адам емдедім. Кейде саған науқастың қандай халде келіп отырғаны қызы емес. Науқастың саған беретін мүмкіндіктеріне көзің түседі.
Ол қазір көп емшілердің басты көзірі десем болады. Яғни, сен науқастың жазылып кетуін емес, науқастан қанша ақша ала аламын деген ниетпен жасайсың.
Оны бірақ «без сознательный» уровеньде жасайсың. Сен адамның жақсы болып кетсін, жазылып кетсін деген ниетпен жасайсың, бірақ сен түбіңде түсініп тұрасың, ол науқасқа көмегің тимейді.
Оған қазір медициналық емнің қажеттігін түсініп тұрасың, бірақ сен адамға: «Жоқ сен емделесің» деп айтасың. Ол өтірік, соңында ол нәтижесін ала алмағаннан кейін, арада реніш пайда болады.
100 пайыз емшілердің ортасында оның 90 пайызы толықтай қасиетке ие емес адамдар. Шарлатанның ар-жақ, бер-жағы десем болады.