Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми түрде жұмыс істейтін әрбір азамат жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға құқылы.
Еңбек демалысына арналған күндер мереке күндерін қоспастан есептеледі. Егер еңбек демалысы мереке күндеріне сәйкес келсе, онда мереке күндері негізгі еңбек демалысына қосымша беріледі, бірақ төленбейді. Жұмыскерге еңбек демалысын беру кезінде оның нақты жұмыс істеген уақыты ескеріледі, — деді сарапшы.
Еңбек демалысына шыққанда берілетін қаражат келесідей есептеледі: орташа күндік табыс еңбек демалысындағы жұмыс күндеріне көбейтіледі.
Орташа күндік жалақы дегеніміз бұл жұмыскердің нақты жұмыс істеген күндерінің санына бөлінген демалысқа дейінгі тұтас жыл үшін есептелген жалақының мөлшері.
Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек демалысына шыққанда берілетін қаражат әдетте, жұмыскер жыл сайынғы еңбек демалысына шыққанға дейін 3 күн бұрын есептеледі. Егер жұмыскер еңбек демалысына алдын ала келісілген кесте бойынша шықпаған болса, онда еңбек демалысына шыққанда берілетін қаражат тиісті еңбек демалысы басталған сәттен бастап 3 күн ішінде есептеледі.