Еңбектің қадірін білетін жұрт қана еңбекқор ұлтқа айналады - Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еңбектің қадірін білетін жұрт қана еңбекқор ұлтқа айналады - Тоқаев

Еңбектің қадірін білетін жұрт қана еңбекқор ұлтқа айналады - Тоқаев

Қазір арнайы төлемнің орташа мөлшері шамамен 208 мың теңгені құрайды.

  • 21 Тамыз
  • 3
Фото: ашық дереккөз

Бүгін таңертең ғана Қарағандыдағы Костенко шахтасының аумағында қаза тапқан кеншілерге ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Естеріңізде болса, былтыр 28 қазанында 46 кеншінің өмірін қиған апат орын алған болатын. Бұл сол кеншілердің рухына тағзым болды.

Қазір де елімізде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеп жүргендер көп. Бала-шағасының қарындарын тоқ, көйлектерін көк ету үшін осындай жағдайда қызмет етіп, адал еңбекпен нан тауып жүрген қызметкерлер қашан да құрметке лайық. Осы тұста 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап енген арнайы әлеуметтік төлем жайлы айта кету керек. Бұл туралы Талғат Жанысбай өзінің фейсбук парақшасында жазды.

«Бұл Президенттің былтырғы Жолдауындағы тапсырмасы бойынша зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік тұрғыда қорғалуын арттыру жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру мақсатында енгізілген төлем.

Қазірдің өзінде зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген 9145 азаматқа 1,7 млрд теңге сомасына арнайы әлеуметтік төлем тағайындалған екен.

Әрине, оны алудың өзіндік шарттар бар, мысалы, 55 жасқа толуы және БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы жарналарының болуы міндетті.

Төлем кімнің есебінен, қандай қаражатқан жүргізіледі десеңіздер, оның 4 көзі бар екен. Біріншісі, әрине, республикалық бюджет, содан кейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші мен өмірді сақтандыру компаниясы.

Арнайы төлем тағайындауға өтініш білдіргендердің ең көбі сол түрлі кен орындары, зауыттар мен өндіріс ошақтары орналасқан аймақтардан екен. Мысалы, Қарағандыдан 1696 адам, Қостанайдан 1180 адам, Шығыс Қазақстаннан 1132 адам, Павлодардан 1015 адам, Ақтөбеден 599 адам, Ақмоладан 566 адам, Абай облысынан 505 адам және тағы да басқа.

Қазір арнайы төлемнің орташа мөлшері шамамен 208 мың теңгені құрайды. Атап өтерлік бір тұсы – қызметкерлер жалақыны да, арнайы төлемді де алуды жалғастыра отырып, денсаулыққа зияны аз жұмысқа ауыса алады. Немесе зейнетақы тағайындалғанша төлем алу арқылы, еңбек демалысына шыға алады екен. Бұл жылдар бойы зиянды еңбек жағдайында тер төгіп келген қызметкерлердің еңбегінің өтемақысы десек те болады.

Мемлекеттің қызметкерлерді ұмытпай, олардың еңбегін ескеріп, денсаулық жағдайына қамқорлық білдіріп, арнайы төлем жасап жатқаны қуантады.

Тоқаев та үнемі өз сөзінде еңбек адамын ерекше атап өтіп жатады. Бір сөзінде:

«Мен еңбек құндылығы туралы үнемі айтып жүрмін. Біздің қоғамда еңбек адамы ең құрметті адам болуға тиіс. Әркімге еңбегіне сай, лайықты жалақы төленуі керек. Еңбектің қадірін білетін жұрт қана еңбекқор ұлтқа айналады» деген болатын.

Еңбегіне қарай құрмет демекші, еңбек адамына төленетін осындай өтемақылардың артып жатқаны жақсы үрдіс деп санаймын», — деді журналист.