Енді 500 теңгеге көліктің тарихын білуге болады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді 500 теңгеге көліктің тарихын білуге болады

Енді 500 теңгеге көліктің тарихын білуге болады

Жаңа цифрлық қызмет "ЦОН" мобильді қосымшасында пайда болды

  • 22 Қыркүйек
  • 9
ФОТО: Sputnik.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көлік иелеріне арналған жаңа қызметті таныстырды.

Енді қазақстандықтар көлік туралы барлық ақпаратты біле алады.

«ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа «Көлік тарихы» қызметі іске қосылды. Бұл арқылы көлік жайлы толық ақпаратты білуге болады. Ол үшін ЖСН мен телефон нөміріңізбен кіріп, VIN-кодты енгізу жеткілікті. Осылайша, қызмет сізге дайын анықтама береді», — деп жазылған хабарламада.

Бір тексерістің бағасы – 500 теңге. Сондай-ақ басқа да тиімді ұсыныстар бар: 10 тексеріс – 4500 теңге, 20 тексеріс – 8000 теңге.

Бұл қызмет көлік аларда қауіпсіздікті күшейтіп, алаяқтықтан сақтануға көмектеседі.

Перейти к новостям спорта