Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазір ажырасқандарға салықты 20 АЕК-ке көтеру ұсынылып отыр. Мұны менің әріптестерім ұсынып отыр. Бұл біздің әр отбасының ісіне араласқанымыз емес. Бірақ олардың ажыраспауына себеп болатын дұрыс ұсыныс деп ойлаймыз, — деді депутат.
Еске сала кетейік, осыған дейін ҚҚС бойынша шекті мөлшерді төмендетсек, бюджетке 400 млрд теңге шығын келетіні туралы жазғанбыз. «Сән-салтанат салығы» деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салу туралы да айтылды. ҚҚС мөлшері қанша болатыны да белгілі болды.