Бұл туралы әншінің пиар-менеджері әрі досы Алпамыс Шаримов өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz.
"Қазақ баласының атымен енді ұшақ жарыққа шығады! TianDao компаниясы Eastern company-мен бірге жеке тапсырысқа ұшақ шығаратын болды! Бұл ұшақ "Moonlight blade" онлайн ойыны желісіне арналмақ. Димаш осы ойынға "Уақыт-теңіз" атты саундтрек жазған болатын. 22 тамызда өзінің алғашқы рейсін Шанxайдан Пекинге орындайтын аталмыш ұшақта Димаштың бейнесі жарыққа шығатын болады. Үлкен әуе кемесі енді Димаштың атымен брендке айналмақ!!! Барша Димаштың жанкүйерлеріне, Dears, құтты болсын!" депті Алпамыс Шаримов.