Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы BAQ.kz-ке сілтеме жсап хабарлайды.
Енді қазақстандықтар Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасын "Электронды Үкімет" порталынан немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алады. Ал бұған дейін берілген ҚР ҚМ МКК электрондық салық төлеуші ретінде тіркелу кілті жарамсыз деп танылады, — делінген таратылған хабарламада.
ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, ҚР резиденті емес тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба мен SSL техникалық сертификатын береді. Айта кетейік, электрондық цифрлық қолтаңба барлық мемлекеттік қызметкерлерге табысы мен мүлкі декларациясын тапсыру үшін қажет.
2020 жылдың 1 қаңтарына дейін 619 295 заңды және жеке тұлғада мемлекеттік кірістер органдарының электрондық салық төлеуші ретінде тіркелу кілті болған.