Енді елімізде кәмелетке толмаған балалар ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерге тіркеле алмауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді елімізде кәмелетке толмаған балалар ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерге тіркеле алмауы мүмкін

Енді елімізде кәмелетке толмаған балалар ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерге тіркеле алмауы мүмкін

Енді Қазақстанда кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының рұқсатынсыз Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларына тіркеле алмайды.
Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

  • 24 Мамыр 2023
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл жоба еліміздегі балалар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында қолға алынбақ. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған "Бала қорғау" кешенді жоспарынан белгілі болды.

Мұнда Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркеуді шектеу жөнінде шаралар қабылдау 2025 жылғы 1 тоқсанға жоспарланғаны жазылған. Бұл бастамаға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту министрліктері жауапты болады.

"Бала қорғау" кешенді жоспарындағы мәліметке сәйкес, елімізде жасөспірімдер арасында қылмыстық жағдай күрделене түскен. 2021 жылы 1529 қылмыс тіркелсе, 2022 жылы оолардың саны 12 пайызға артып, 1735-ке жеткен. Мұндай құқық бұзушылықтар, әсіресе, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарында жиі тіркеледі.


Құжат жобасы 6 маусымға дейін жария талқылауда болады.

Соңғы жаңалықтар