Енді елімізде көлікті бес минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 527.23
  • 544.05
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді елімізде көлікті бес минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынады

Енді елімізде көлікті бес минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынады

Қазақстанда жол қозғалысы ережелері тек жылдамдықты шектеуді ғана емес, экологияға назар аударуды да талап етеді.

  • 8 Қаңтар
  • 122
Фото: drive.ru

Мамандардың айтуынша, жаңа көліктерді ұзақ қыздырудың қажеті жоқ, яғни шамамен 30 секунд жеткілікті екен. Жаңа талап бойынша қандай айыппұл қарастырылған? Caravan.kz медиа порталы тарқатады.

Еуропа елдерінде қолданысқа ие талап біздің елге де келді. Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Испания сынды елдерде қоршаған ортаны қорғау және ауа сапасын жақсарту мақсатында көлікке қатысты бірқатар шектеулер енгізілген. Соның ішінде көлікті ұзақ уақыт бойы оталдырып қоюға тыйым салынған. Әдетте аталмыш елдердің қысы айтарлықтай аязды емес. Қазақстанның қысы суық және аязды болғандықтан халық көліктерін ұзақ уақыт қыздыруға мәжбүр. Жаңа талап бұл мүмкіндікті шектейтін болды.

Ұзақ уақыт бойы көлікті жылыту жанармай шығынын арттырып қана қоймай, атмосфераға зиянды заттардың, соның ішінде көміртек тотығының бөлінуіне себеп болады. Осыған байланысты Қазақстанда түрғын үйлердің ауласында көлікті ұзақ уақыт қыздыруға қатысты жаңа талаптар енгізілді. Енді қозғалтқышы қосулы көлікті тұрғындарға қолайсыздық тудыратындай етіп 5 минуттан артық ұстауға тыйым салынады.

Ведомствода атап өткендей, ҚР Жол қозғалысы ережесінің 5 бөлімінің 88 тармағына сәйкес «елді мекендерде қозғалтқышы жұмыс істейтін механикалық көлік құралдарының тұрағына, егер бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызса, тыйым салынады» деп көрсетілген.

Алғашқы бұзушылық үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 2025 жылы 19 660 теңге. Егер бұл ереже 12 ай ішінде қайта бұзылса, айыппұл мөлшері 10 АЕК-ке дейін, яғни 39 320 теңгеге дейін артады.

Айыппұл салу үшін қандай дәлелдер келтіріледі?

-5 минуттан асатын бейнежазба, онда көліктің мемлекеттік нөмері, оқиға уақыты мен күні нақты көрсетілуі керек.

-Бейнежазбада көліктің ұзақ уақыт қосулы тұрғаны анық көрінуі тиіс.

Көлікті жылыту, қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты ұсақ құқықбұзушылықтар елеусіз болып көрінгенімен, айтарлықтай қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін.

Бұл талап халықтың наразылығын тудырғаны анық. Желі қолданушылары пікірлерімен бөлісіп, тек ауа жұту ғана тегін екенін жазуда.

«Айыппұл салынбайтын не қалды?

Жыл сайын жаңа заңнамалар халық үшін тиімсіз болып келеді.

Қазақстан деградацияға ұшырап жатыр.

Қыстың күні 5 минутта көлікті қыздыру мүмкін емес, аязды күнде кем дегенде 15-20 минут қажет.

5 минутта терезенің аязы да ерімейді, бұл заң Еуропда қолданады, оларда аяз жоқ«, — деп жазып жатыр халық.