Енді Google Translate қазақ тіліндегі дыбыстауды аудара алады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді Google Translate қазақ тіліндегі дыбыстауды аудара алады

Енді Google Translate қазақ тіліндегі дыбыстауды аудара алады

Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі дыбыстауды аудара алады.

  • 23 Ақпан 2021
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Google Translate мобильді қосымшасының 22 ақпанда шыққан 6.17.0 жаңартылған нұсқасында қазақ тіліндегі дыбыстауды аударуға мүмкіндік беретін жаңа функция бар. Бұл туралы App Store-дағы "қандай жаңалық" қосымшасы бөлімінде жазылған.

 
Google Translate десктоп-нұсқаларында қазақ тіліндегі дыбыстауды аудару әзірше іске қосылмаған.
 
 

Google Translate-те қазақ тіліндегі дыбыстауды аудару мүмкіндігі пайда болатыны туралы 2017 жылы хабарланған болатын. Қазақ тілін Vоісе-to-Text технологиясына демеуші есебінен қосу жоспарланып, оған төрт миллион теңге бөлді.

2014 жылғы желтоқсанда Google Translate жүйесіне қазақ тіліне мәтіндік аударма жасау қосылды.

Соңғы жаңалықтар