Енді Kaspi.kz-те көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы мен жұмыссыздық бойынша төлемдерге өтініш беруге болады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді Kaspi.kz-те көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы мен жұмыссыздық бойынша төлемдерге өтініш беруге болады

Енді Kaspi.kz-те көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы мен жұмыссыздық бойынша төлемдерге өтініш беруге болады

Kaspi.kz мемлекеттік органдармен бірлесіп қазақстандықтарүшін мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді етужұмыстарын жалғастырып жатыр.

  • 9 Қаңтар
  • 8932
Фото - Caravan.kz

Енді ең танымал мобильді қосымшада көпбалалыотбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға жәнежұмысынан айырылған кезде төленетін төлемдерге өтінімберуге болады.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың біріМихаил Ломтадзе:

«Мемлекеттік органдарға қазақстандықтардың өмірін жақсартатын инновациялық сервистерді құруға көмектесіп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Жаңа сервисті іске қосуүшін Еңбек министрлігімен, Еңбек ресурстарын дамытуорталығымен, Цифрландыру министрлігімен және ҰАТ АҚ-мен бірлесіп жұмыс істедік. Енді көпбалалы ата-аналар, сондай-ақ жұмыс іздеп жүрген адамдар өз смартфоныныңэкранында мемлекеттік жәрдемақыға өтінімді ресімдейалады. Осы ыңғайлы сервисті құруға қатысқан әр адамғамың алғыс!»

Әлихан Әбілғазиев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттікқызметтерді автоматтандыру департаментініңдиректоры:

«ЕДБ мобильді қосымшаларында қолжетімді әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік қызметтерінің ауқымыкеңеюде. Жалпы азаматтар үшін қызметтердіңқолжетімділігін арттыру жұмыстары тұрақты негіздежүргізіліп отыр. Мысалы, 2021 жылдан бастап екіншідеңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы қызметкөрсете бастадық – бұл бала тууға және бала күтімінебайланысты жәрдемақыны, сондай-ақ бала бір жасқатолғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісіненайырылу жағдайына әлеуметтік төлем болды. Содан беріЕДБ-мен ынтымақтастығымыз жалғасып келеді. Бүгінгітаңда министрліктің тоғыз қызметі ЕДБ қосымшаларындаазаматтар үшін қолжетімді. 2023 жылдың сегіз айыныңқорытындысы бойынша министрлік қызметінің 43,6% -ы (6,7 млн) ЕДБ арқылы көрсетілген»

Айнұр Юсупова, Цифрлық даму министрлігініңМемлекеттік қызметтер комитеті төрағасыныңорынбасары:

«Мемлекеттік қызметтерді алу үшін әртүрліплатформаларды таңдау мүмкіндігімен азаматтар үшінқолайлылықты арттыру, қызмет көрсетудің бірыңғайнүктесіне тәуелділікті жою, сондай-ақ халықтың арасындамемлекеттік қызметтерді алу деңгейін арттыру үшінминистрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, танымал мемлекеттік қызметтерді сыртқы платформаларға, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларынашығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әлеуметтік маңыздықызметтерге басты назар аударылады, бүгінгі таңда бұлкөпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен жұмысынан айырылған кезде төленетін төлемдер. Басқақызметтер де жоспарланған. Аталған шаралар мемлекеттікқызметтердің қолжетімділігін арттырады және азаматтарғаүйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндікбереді.

Kaspi Гид бөлімінен Көпбалалы отбасыларға төленетінжәрдемақыларға және Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға қалай өтініш беру керектігі туралы толығырақоқыңыз.