Енді қазақстандықтар алғашқы жүргізуші куәлігіне өтінішті онлайн бере алады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді қазақстандықтар алғашқы жүргізуші куәлігіне өтінішті онлайн бере алады

Енді қазақстандықтар алғашқы жүргізуші куәлігіне өтінішті онлайн бере алады

Енді жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын азаматтар өтінішті "ЦОН" мобильді қосымшасы арқылы онлайн рәсімдей алады

  • 24 Қазан
  • 15
ФОТО: gov.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтаманың бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді, – деп мәлімдеді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.

Өтініш жібергеннен кейін теориялық және практикалық емтихандарға өзіңізге ыңғайлы уақытқа жазылуға болады. Мемлекеттік баж емтиханды сәтті тапсырған соң мамандандырылған ХҚКО бөлімінде төленеді.

Пилоттық жоба 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Перейти к новостям спорта