Сауд Арабиясында жаңа шарт 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асады, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігі қажылық немесе умраға баруды жоспарлаған барлық азаматтарға менингококк инфекциясына қарсы екпе ектіруді міндеттеді. Бұл талап қажылық кезінде инфекцияның таралу қаупінің жоғары болуына байланысты енгізіліп отыр.
Енді қажылыққа барушылар менингококкты менингитке қарсы вакцинация алуы керек. Вакцинация кем дегенде 10 күн бұрын жасалуы керек. Полисахаридті вакцина 3 жыл, конъюгацияланған вакцина 5 жыл жарамды. Ал 1 жасқа дейінгі балалардан вакцина талап етілмейді.
Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл талап қажылыққа келетіндер арасында инфекцияның таралуын болдырмау мақсатындағы алдын алу шараларының бір бөлігі ретінде енгізілді. Қажылардан осы ережелерді сақтауды сұрай отырып, билік азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздеп отыр.