Бар болғаны құжатты рәсімдеу үшін бүрынғыдай 10 мың теңге төлесе болғаны деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Автомобилін тіркеуге келген азамат мамандандарылыған халыққа қызмет көрсету орталығында бос жатқан кез-келген нөмірді, нақтырақ айтқанда саудаға түспейтін нөмірді және әріптік таңбаларды өзі таңдайды.
Жаңа ереже биылдан бастап жүзеге асады дейді әкімшілік полиция комитетіндегілер. Ал, «вип» нөмірлерге мұндай жеңілдік жоқ. Қазір жүргізушілер қарапайым нөмірлерді таңдай алмай, полицейлердің шығарып бергенін алып кететін еді.
Жалпы, былтыр 1 жарым миллиард теңгеге ВИП нөмір сатылған.