Енді көлікке берілетін мемлекеттік нөмірді жүргізушілер тегін таңдай алады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді көлікке берілетін мемлекеттік нөмірді жүргізушілер тегін таңдай алады

Енді көлікке берілетін мемлекеттік нөмірді жүргізушілер тегін таңдай алады

Қазақстанда көлік иелері осыған дейін жаңа нөмірді сәйкестік бойынша алып келсе, енді оны тегін таңдауына да мүмкіндік бар.

  • 5 Мамыр 2018
  • 101
Фото - Caravan.kz

Бар болғаны құжатты рәсімдеу үшін бүрынғыдай 10 мың теңге төлесе болғаны деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Автомобилін тіркеуге келген азамат мамандандарылыған халыққа қызмет көрсету орталығында бос жатқан кез-келген нөмірді, нақтырақ айтқанда саудаға түспейтін нөмірді және әріптік таңбаларды өзі таңдайды.

Жаңа ереже биылдан бастап жүзеге асады дейді әкімшілік полиция комитетіндегілер. Ал, «вип» нөмірлерге мұндай жеңілдік жоқ. Қазір жүргізушілер қарапайым нөмірлерді таңдай алмай, полицейлердің шығарып бергенін алып кететін еді.


Жалпы, былтыр 1 жарым миллиард теңгеге ВИП нөмір сатылған.

 

Соңғы жаңалықтар