Енді кредитті ерте жапқандар айыппұл төлемейді - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді кредитті ерте жапқандар айыппұл төлемейді

Енді кредитті ерте жапқандар айыппұл төлемейді

Жеке тұлғалар кредитті кез келген уақытта айыпақы төлемей мерзімінен бұрын өтей алады

  • 28 Тамыз
  • 5
ФОТО: Sputnik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 31 тамыздан бастап кредитті ерте жабуға қатысты жаңа заң күшіне енеді, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

31 тамыздан бастап қарызды мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл санкциялары заңды тұлғаларға ғана қолданылатын норма күшіне енеді.

«Жеке тұлғалар кредитті кез келген уақытта айыпақы төлемей мерзімінен бұрын өтей алады. Бұл норма барлық шартқа, оның ішінде бұрын жасалған шарттарға қолданылады. Алайда өзгерістер күшіне енгенге дейін төленген айыппұл мен айыпақы қайтарылмайды», — дейді ведомство.

Мерзімінен бұрын төлем борыш жүктемесін азайтуға, кредиттік тарихты жақсартуға және қарыз алушылардың қаржылық орнықтылығын нығайтуға ықпал етеді, дейді агенттік.

Перейти к новостям спорта