“Енді маған Қайраттан басқа жігіт табыңыздар” - Ерке Есмахан - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Енді маған Қайраттан басқа жігіт табыңыздар” - Ерке Есмахан

“Енді маған Қайраттан басқа жігіт табыңыздар” - Ерке Есмахан

Әнші Ерке Есмахан Қайрат Нұртас пен Жұлдыздың арасын бұздың деген оқырманына жауап берді.

  • 15 Сәуiр 2022
  • 3832
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ерке Есмаханның Instagram-дағы Stories-не сілтемп жасап хабарлайды.

"Айналайындар ау! Қайрат пен Жұлдыздың отбасында шаруам жоқ. Екеуі бақытты болсын, бала-шағасының қызығын көрсін! Жұлдыздың туған күні құтты болсын! Ал болып жатқан сынақтарына менің еш қатысым жоқ екеніне куә бәр Алла! Куә Нұртас әулиеті, Жұлдыз бен Қайрат! Ал кейбір өсек қуғандар өздеріңіздің лас, пасық ойларыңызды маған тықпаңыздар! Не десеңіздер де мен одан жаман болып кетпеймін, сіздердің әр айтылған сөздеріңіз өздеріңізге айналып келеді. Бірақ мен барлықтарыңызды кешірдім, жақсы көрем! Алла сана мен сабыр берсін! Біліп жүріңіздер, Қайратпен дос, әріптес, сырлас, бауырмыз! Гүлзира ханыммен құрбымыз! Ал қуаныштарынан қалмай, суретке түссем өз қадауым, сыйластығым. Адамның күні адаммен деген сөзді ұмытпайық. Қайраттан басқа жігіт табыңыздар енді", — деді Ерке Есмахан.