Қазақстанда электрондық еңбек биржасы бар. Ол — Еnbek.kz. Бұрын бұл платформада ересектер жұмыс орындарын іздейтін. Енді оған оқушылар 14 жастан бастап тіркеле алатын болды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Платформада «Менің жазғы демалысым» деген арнайы бөлім құрылған. Жазғы демалысында жұмыс істегісі келетін мектеп оқушысы сол жерде жеке кабинетін құрып, өзінің резюмесін жариялай алады. 16 жасқа дейінгі балалардың жеке кабинетін олардың заңды өкілдері (ата-аналар, қамқоршылар) басқаруға құқылы.
Айлық жалақы 90 000 теңгеден кем емес.
Жергілікті атқарушы органдар, яғни әкімдіктер биыл да қоғамдық пайдалы жұмыстарды ұйымдастыру ісін жалғастырады. Жазғы демалыс кезінде ол жұмыстарға жалпы білім беретін мектептердің жоғары класс оқушылары тартылады.
Оқушыларға арналған қоғамдық пайдалы еңбектің ерекшеліктері:
— жұмыс күні толық емес немесе икемді кесте бекітіледі;
— арнайы білімі жоқтар уақытша жұмысқа орналаса алады.
— айлық жалақы 24 АЕК-тен кем емес (2025 жылы — 94 368 теңге).