Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2024 жылы оқушылардың 90%-ы профилактикалық тексеруден өтті және балаларды динамикалық бақылаумен қамту 3% өсті. Балалардан көбіне ас қорыту, көру, тыныс алу ағзаларының аурулары, сондай-ақ стоматологиялық проблемалар анықталып жатыр, — дейді Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында.
Мектеп медицинасын жаңғырту шеңберінде келесі іс-шаралар іске асырылып жатыр:
— мейіргер жүктемесін азайту (мектеп мейіргерінің 700 балаға 1 ставкасы 500 балаға 1 ставка деп азайтылды);
— 1000-нан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық аурулардың алдын алу кабинеттерін ашу;
— медициналық-санитариялық алғашқы көмек жанындағы мектеп медицинасы бөлімшелерін ұйымдастыру;
— кәсіптік тексерулер жүргізу тәртібін қайта қарау және мамандардың біліктілігін арттыру.
Цифрландыру бойынша автоматтандыруға арналған мынадай IT-шешімдер енгізіліп жатыр:
— вакцинациялауды және тексеруді жоспарлау;
— балалардың өтінішін онлайн тіркеу;
— eGov және СМС арқылы ата-аналармен 1414-пен байланыс;
— «Күнделік», «Bilim.Class», «Білімал» «EDUS.Mektep» жүйелерімен интеграциялау.
Ведомствоаралық өзара іс қимыл шеңберінде келесі жобалар іске асырылып жатыр:
— ментальды және репродуктивті денсаулықты қоса алғанда, «Денсаулық сабақтары»;
— жарақаттардың алдын алу жөніндегі жол карталары;
— «Денсаулыққа ықпал ететін мектептер» жобасы;
— 2030 жылға дейін мектеп медицинасын ғылыми зерттеу.