Енді оқушыларды басқа мектепке eGov арқылы ауыстыруға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді оқушыларды басқа мектепке eGov арқылы ауыстыруға болады

Енді оқушыларды басқа мектепке eGov арқылы ауыстыруға болады

Енді оқушыларды басқа мектепке ауыстыру еGov порталында қолжетімді

  • 18 Тамыз
  • 28
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталы арқылы ауыстыра алады. Порталда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электрон түрде беруге мүмкіндік бар.

«Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ, жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады», — деп жазылған хабарламада.

Қызметті алу үшін:

  • eGov.kz порталында тіркелу;
  • «Білім» бөліміндегі «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметін таңдау;
  • Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
  • Нәтижемен жеке кабинетте танысу керек.

Перейти к новостям спорта