"Енді өзімді қолға алып, кеткім келеді": 28 жасар Бага Демалыс несімен танымал болды және өз өзіне неге қол салды? - kaz.caravan.kz
  • $ 483.23
  • 534.74
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Енді өзімді қолға алып, кеткім келеді": 28 жасар Бага Демалыс несімен танымал болды және өз өзіне неге қол салды?

"Енді өзімді қолға алып, кеткім келеді": 28 жасар Бага Демалыс несімен танымал болды және өз өзіне неге қол салды?

Алматыда танымал аспаз әрі гастро-кештерді ұйымдастырушы Бага Демалыс 28 жасында өзіне қол салып өмірден өтті. Қайғылы оқиғаға байланысты көптеген белгілі тұлғалар қайғырып көңіл айтты.

  • 3 Қазан
  • 108
Фото - Caravan.kz

Марқұм несімен танымал болған? Оны елге белгілі өнер қайраткерлерімен не байланыстырады?

Бұл жайлы Caravan.kz медиа порталының тілшісі анықтап көрді.

Бага Демалыс әртүрлі кештерді ұйымдастырып, тамақ дайындауды ұнататын болған. Өзі аспаз болғандықтан достарымен бірге көңіл көтеріп, барлық тағамдарды өзі әзірлейтін болғанын Instagram парақшасы арқылы көруге болады.

Ол режиссер Қанат Бейсекеев, әнші Say Mo, актер Санжар Мәди, актриса Әсел Сағатова сынды танымал адамдармен өте жақын дос болған. Сонымен қатар ол музыкамен де айналысқан. Домбыра мен гитараны нақышына келтіріп шертетін болған.

Танымал аспаз қазанның 1-нен 2-не қараған түні өзіне қол салған. Оның өлімі көпшілікті таң қалдырды.

Оның өзіне қол салғаны жайлы режиссер Қанат Бейсекеев әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазба қалдырды:

«Біз кеше досымыз, Бага Демалыстан айырылдық. Бага біздің қаламыздың әрбір тұрғаны үшін жақын жан болды. Оның күлкісі және мейірімді жүрегі мәңгі есімізде қалады. Ол қазір қайда болса да, тамаша кешкі ас дайындап бізді күтіп отыр деп сенгім келеді. Бірақ, біз бір нәрсені анық білеміз. Ол — оны жақсы көрген адамдар үшін бұл жақта қиын болатыны.

Көпшілікке айтқым келетіні. Егер сізге қиын болса, қолыңыздан келмей жатқанын байқасаңыз көмек сұраудан қорықпаңыз. Өз қайғыңызбен жалғыз қалмаңыз. Жақындарыңызбен, достарыңызбен, мамандармен сөйлесіңіздер. Сосын айтқым келетіні біреуді жазғыруды қою керек».

Ол 28 жасқа толған туған күнінде «міне мен 28 жасқа келдім. Осы уақытқа дейін тапсырыстар, жобалар, махаббат болды. Ал енді өзімді қолға алғым келеді. Денсаулығыма, психологияға, сосын кетуіме мән беремін», — деп жазба қалдырған.

Қазіргі таңда Бага Демалыстың жерлеуіне әлеуметтік желі арқылы ақша жинау жүріп жатыр.