Енді қазақстандықтар әкесінің қосарланған есімін дефис арқылы жаза алады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді қазақстандықтар әкесінің қосарланған есімін дефис арқылы жаза алады

Енді қазақстандықтар әкесінің қосарланған есімін дефис арқылы жаза алады

Осы күнге дейін егер әкесінің аты Асан-Әлі болып, дефиспен жазылса, бала құжатында Асанұлы немесе Әлиұлы деп берілетін. Я болмаса дефиссіз Асанәліұлы болып бірге жазылатын. Енді заңды түрде құжатта дефиспен жазуға рұқсат берілді. 

  • 3 Желтоқсан 2019
  • 83
Фото - Caravan.kz


Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Майра Айсина хабарлады.

"ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға дәл осындай өзгерістер енгізілген екен.

Қосарланған есім беру мәселесі қазақстандықтар арасында түсініспеушілік туғызып отыр. Баланың құжатындағы әкесінің қосарланған есімі бойынша түзету енгізілді. Бұған дейін әкенің аты тек бірге жазылатын немесе қосарланған есімнің біреуі ғана берілетін. Яғни, әкесінің аты Асан-Әлі болып, дефиспен жазылса, бала құжатында Асанұлы немесе Әлиұлы не болмаса дефиссіз Асанәліұлы болып бірге жазылатын. Заң жобасында бұл мәселе қаралып, дефиспен, яғни сызықшамен жазуға рұқсат берілді, — деп мәлімдеді Майра Айсина бүгін өткен баспасөз мәслихатында.

Соңғы жаңалықтар