Енді қоғамдық орындарда ішімдік ішкен мемқызметкерлер жұмыстарынан айырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді қоғамдық орындарда ішімдік ішкен мемқызметкерлер жұмыстарынан айырылады

Енді қоғамдық орындарда ішімдік ішкен мемқызметкерлер жұмыстарынан айырылады

Жыл басынан бері 152 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның 79-ы Этика кодексін өрескел бұзған. Бұл жөніңде бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингінде құзырлы министрлік өкілдері мәлімдеді.

  • 24 Маусым 2016
  • 516
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жобасы күшіне енді. Этика кодексі мемлекеттік әкімшілік лауазымдағы тұлғалардың жұмыс тәртібі мен жүріп-тұру әдебін реттейді. Жаңа ереже бойынша мемлекеттік қызметкерлер ешқандай сый-сияпат ала алмайды. Қоғамдық орындарда ішімдік ішкен азаматтар да жұмыстан шеттетіледі. Мемлекеттік қызмет істері министрінің орынбасары Айгүл Шаимованың айтуынша, көлікті мас күйінде басқарған бірнеше аудандық деңгейдегі басшылар қызметтен айырылған.

Айгүл Шаимова, ҚР Мемлекеттік қызмет істер жөніңдегі министрінің орынбасары: — Мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан тыс уақытта да қазақстандықтарға үлгі бола білу керек. Қоғамдық орындарда мас күйінде көріну не өзге де ар-ұят пен намыс, қоғамдық құндылықтарға нұқсан келтіретін әрекеттерге жол берулеріне тыйым салынады. Заңға қайшы келетін, тәртіп мен қауіпсіздікті бұзатын барлық амалдар тәртіптік жауапкершілікпен қудаланады. Мұндайға жол бергендер қызметімен қош айтысатынын білулері тиіс.