Шетелге шашылуды доғаратын уақыт келді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Енді 500 000 теңгеден көп шетелге ақша аударатындар күдікке ілігеді. Банк транзакцияларды тексеріп, мәліметтерді құзырлы органдарға жібереді.
Азаматтардан ақшаның қайда және не үшін жұмсалғанын түсіндіру талап етілуі мүмкін.
Бақылауға іліккен төлемдер қатарына интернет-дүкендер мен маркетплейстердегі ірі онлайн сатып алулар, шетелдегі қонақүй төлем және басқа да трансшекаралық аударымдар кіреді.
Қосымша талаптар да енгізілмек: барлық банк карталары бір мобильді нөмерге тіркелуі керек. Қосымшалар тек бір құрылғыда жұмыс істейді.
18 бен 21 жас аралығындағы ел азаматтары банк картасын тек бөлімшеге барып рәсімдей алады. Ал 14-18 жастағы жасөспірімдердің төлемдеріне ата-анасы жауапты болады. Сонымен қатар, банктер клиенттердің фотосуреті мен видеосын кемінде 5 жыл сақтауы керек.
Күдікке ілінгендер қатарына бірнеше банк картасы барлар, шекара маңында тұратын азаматтар, ресми табысы жоқ, бірақ жиі ақша аударатын жастар және ықтиярхаты жоқ шетелдіктер жатады.