Енді Түркістан облысынан шыққан машиналарды мінуіңіз мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді Түркістан облысынан шыққан машиналарды мінуіңіз мүмкін

Енді Түркістан облысынан шыққан машиналарды мінуіңіз мүмкін

Биыл Түркістан облысы Төлеби ауданында өнеркәсіп саласындағы ірі жобалардың бірі- "Ленгер машина жасау" зауыты іске қосылатын болады. 

  • 30 Сәуiр 2020
  • 62
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жобаға 2 млрд теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда зауытта толықтай қайта құру, жаңарту жұмыстары жүргілізіп жатыр. Нәтижесінде жалпы өндірістік аумағы 13096 шаршы метрді құрайтын алпауыт кәсіпорын іске қосылатын болады — денлінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

Кәсіпорын машина жасау өнеркәсібіне маманданған. Зауытта халықтың сұранысына қажетті машина жабдықтары, жиһаз өнімдері, темір бұйымдары мен бөлшектері шығарылмақ. Зауыттың жыл сайынғы өнімділігі 60-70 тоннаға жетеді. Айта кетерілігі, мұнда отандық шикізат пайдаланылып, өндірілген өнімдерді еліміздің ішкі нарығына шығару жоспарлануда. 

Алдағы уақытта жаңа жұмыс орындары ашылып, 250 адамды жұмыспен қамту көзделініп отыр.


Соңғы жаңалықтар