"Енді ұстағанда жылы қарасын деген шығар": Төреғали Төреәлі қазақ полициясына арнап ән шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.57
  • 508.34
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Енді ұстағанда жылы қарасын деген шығар": Төреғали Төреәлі қазақ полициясына арнап ән шығарды

"Енді ұстағанда жылы қарасын деген шығар": Төреғали Төреәлі қазақ полициясына арнап ән шығарды

Видеода әнші полиция қызметкерінің рөлін сомдап жүргенін көруге болады.

  • 1 Шiлде
  • 112
Фото: видеодан алынған

7 жыл мерзімге көлік құралын айдау құқығынан айырылған және полиция қызметкерлерін қорлағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылған әнші Төреғали Төреәлі полиция қызметкерлеріне арнап клип шығарыпты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Төреғали Төреәлі Instagram-дағы парақшасында полиция қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, олардың құрметіне ән шығарғанын жария еткен.

Әншінің бұл бейнебаянына байланысты заңгер пікірін білдірді.

«Мәссаған, Төреғали “Қазақ полициясы” деген ән шығарып тастаған ба? Полицияны мақтаған әнді бірінші естуім. Еңбектері бар, дұрыс, шығарсын. Енді ұстағанда кішкене бүйректері бұрып, жылы көзқараспен қарасын деген шығар. Әлде жұмыстарының ауыр екенін көзбен көргесін, іші жылып, ән туды ма екен? Шығармашылық адамы ғой, не дегенмен. Сотқа да ән арнаса болады ғой. Соңында шешім шығарып, жаза тағайындайтын соттар ғой, бәрібір»,- деді Ляззат Ахатова.

Әнші титрде Полиция Департаментінің ұжымына алғыс білдіреді. Сондай-ақ әнші клипте өзінің былтырғы Алматыда ұсталған сәтін көрсетеді. Ол клипте бұл оқиғаны полиция көзімен бақылайды.