Енді спекуляцияға жол берілмейді. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Өйткені Ұлттық банк шетел валюталарын сату және сатып алу арасында ауытқу болмас үшін бағаға шек қоюға шешім қабылдап отыр. Бұл доллар мен еуроға қатысты жағдай.
Бұл нені білдіреді?
Валюта айырбастау пунктері енді жаңа талапқа сәйкес, шетелдік қос валютаны алып-сатарда Ұлттық банк бекіткен ресми бағамнан долларға — 7 теңгеден, ал еуроға — 10 теңгеден артық айырмашалықпен баға қоя алмайды.
«Ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді төмендетуге, сондай-ақ қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған. Бұл шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына әсер етпейді», — делінген ресми хабарламада.