​Енді жұма уағызын online тыңдауға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
​Енді жұма уағызын online тыңдауға болады

​Енді жұма уағызын online тыңдауға болады

Жұма уағызы қазақ тілінен орыс және ағылшын тілдеріне тікелей аударылмақ.

  • 20 Қыркүйек 2018
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Аль Сақр Финанс» АҚ-ы «Уақып» қорының қолдауымен жаңа жобаны іске қосты. Енді жұма уағызын on-line трансляцияда тыңдауға болады. Трансляция әр жұмада Астана қаласындағы «Әзірет сұлтан» мешітінен жүргізілмек. 
Тағы бір айта кетерлік жаңалық: жұма уағызы қазақ тілінен орыс және ағылшын тілдеріне тікелей аударылмақ. 
Оn-line трансляцияға қосылу үшін www.alsaqr.kz сайтына кіріп, "play" батырмасын басқаннан соң өзіңізге қолайлы тілді таңдау қажет. Уағыз тыңдау үшін қолыңызда интернетке қосылған ұялы телефон мен құлаққап болса жеткілікті", деп жазды діни басқарманың баспасөз хатшысы. 


Соңғы жаңалықтар