Дипломның электронды нұсқасы электронды үкіметтің «Цифрлық құжаттар» мобильді қосымшасында да қолжетімді.
Ғылым және жоғары білім министрлігі 1991 жылдан бері берілген дипломдардың түпнұсқалығын тексеру үшін деректер базасын құрды, деп хабарлайды ведомство.
Министрлік білім беру туралы құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ жоғары оқу орындары түлектеріне арналған осындай құжаттардың серияларын бекітті.
«Дипломдар арнайы модуль арқылы бірегей нөмірлер мен QR-кодтар беру жолымен қалыптастырылады. Жүйеге қол жеткізу құқығы осы модульде тіркелген, ресми түрде жауапты университет қызметкерлеріне ғана беріледі», — деп жазылған хабарламада.
Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттарда генерацияланған бірегей нөмір мен QR-код болмаған жағдайда мұндай құжаттар жарамсыз деп танылады.
Бүгінгі таңда 46 жалған диплом және оларды заңсыз дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталды.
Жоғары оқу орындары деректерді цифрландыру жұмысын жалғастырады, ал жұмыс берушілер дипломның түпнұсқалығын https://epvo.kz сервисі арқылы тексере алады. Дипломның электронды нұсқасы электронды үкіметтің «Цифрлық құжаттар» мобильді қосымшасында да қолжетімді.