Енді жұмыс берушілер қызметкері үшін көбірек жарна төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.84
  • 595.75
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді жұмыс берушілер қызметкері үшін көбірек жарна төлейді

Енді жұмыс берушілер қызметкері үшін көбірек жарна төлейді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері ұлғайды

  • 12 Қаңтар
  • 1
ФОТО: baq.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

БЖЗҚ ақпаратынша, қазіргі таңда жарна мөлшерлемесі қызметкердің табысынан 3,5% құрайды.

Жарна мөлшері кезең-кезеңімен өседі:

2024 жылы – 1,5%

2025 жылы – 2,5%

2026 жылы – 3,5%

2027 жылы – 4,5%

2028 жылы – 5%

Еске сала кетсек, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жұмыс берушілер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан өз қызметкерлерінің пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуға міндеттеледі.

Маңызды:

Бұл жарналар қызметкердің жалақысынан ұсталмайды. Оларды жұмыс беруші қызметкердің міндетті зейнетақы жарналарына қосымша түрде төлейді.