Күйеуім, кішкентай балам және енем бар. Енеммен бірге бір үйде тұрамыз. Мен өзім басқа қаладанмын, күйеуіме сонда көшейік десем тыңдамай отыр.
Басында күйеуіммен тұрдық, одан кейін енем күйеуімен ажырасқасын бірге тұрайық деді. Енемді қуып шыға алмаймын ғой, сондықтан рұқсатымды бердім.
Рұқсат бергеніме әлі өкінемін. Бірдеңе сатып алсақ, барлығын есептеп баламның ақшасын құрттың дейді. Соңында "сіздің не шаруаңыз бар? Өзіміздің ақшамыз ғой" — деп едім жылап, сықтады.
Енем қатты шаршатып жіберді, енемнен қалай құтыларымды білмеймін.