"Енесімен жанжалдасқан". Түркістан облысында суға батпақ болған әйел сәбиін өлтіріп алған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Енесімен жанжалдасқан". Түркістан облысында суға батпақ болған әйел сәбиін өлтіріп алған

"Енесімен жанжалдасқан". Түркістан облысында суға батпақ болған әйел сәбиін өлтіріп алған

Түркістан облысында кішкентай қызын суға батырған 23 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты.

  • 7 Маусым 2022
  • 51
Фото - Caravan.kz

Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  порталы OTYRAR.-ға сілтеме жасап. 

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, қайғылы оқиға Түркістан облысының Құркелес ауылында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, әйел сәбиін алып, үйінен емханаға шыққан. Қайын енесімен жанжалдасып қалған әйел өзіне қол жұмсамақ болған.

"Ол ішкентай қызын құшағына алып, Келес өзеніне мойнына дейінгі тереңдікке кірген. Онда біраз уақыт тұрған әйел суға батып кете алмаған. Ойланып, жағаға оралған, бірақ осы уақытта баласы дем ала алмай қалған", — деп жазды басылым тілшілері.


Соңғы жаңалықтар