"Енесінің көлеңкесі, тірі жанмен араласпайды": Танымал журналист шымкенттік тағы бір ықпалды әулеттің келінінің қиын өмірін жария етті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Енесінің көлеңкесі, тірі жанмен араласпайды": Танымал журналист шымкенттік тағы бір ықпалды әулеттің келінінің қиын өмірін жария етті

"Енесінің көлеңкесі, тірі жанмен араласпайды": Танымал журналист шымкенттік тағы бір ықпалды әулеттің келінінің қиын өмірін жария етті

Ол бұл әулет Әйтеновтерден де ықпалды екенін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақша

  • 17 Шiлде
  • 648
Фото - Caravan.kz

Ол бұл әулет Әйтеновтерден де ықпалды екенін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Скрипка тартатын әйелдің патриархал түсініктегі ермен бақытты болып кетуі екіталай. Екі түрлі әлем, екі түрлі көзқарас, түсінік, тәрбие. Екеуі екі планета.

Өткенде Шымкенттен шыққан тағы бір танымал әулеттің (Әйтеновтерден де ықпалды) келінімен болницаға бірге түстік. Ол да баласымен. Бір палатада жаттық. Әлгіндей әулеттің келіні мынадай қарапайым болады дегенге иланбас едім, көрмесем. Қазақы.

Енесінің көлеңкесі, ешқайда шықпайды, тірі жанмен араласпайды. Күйеуіне “сіз” дейді. Үш қабатты үйді өзі жинайды, тамақты өзі пісіреді.

Бүкіл тіршілік, үй, бала итд итп өз мойнында. Еркек үй шаруасына мүлдем араласпайды. Таң ата кетеді, түнде оралады. Ұйқысы қануы үшін бөлек бөлмеде жатады. Балалар мазаламауы керек. Вот так вот. Әйелі осының барлығын “норм” санайды», — деп түсіндірді журналист.