"Ең кішісі 10 айлық сәби": Маңғыстауда асылып өлген үш баласы мен әкесінің мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ең кішісі 10 айлық сәби": Маңғыстауда  асылып өлген үш баласы мен әкесінің мәйіті табылды

"Ең кішісі 10 айлық сәби": Маңғыстауда асылып өлген үш баласы мен әкесінің мәйіті табылды

Әлеуметтік желіде "Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында әкесі  үш баласын асып өлтіріп, соңында өзі асылып өлген" деген мәлімет  тараған болатын.

  • 13 Желтоқсан 2022
  • 356
Фото - Caravan.kz

Осыған қатысты Маңғыстау Облысының Полиция Департаменті ресми ақпараты да желіде тарады, деп хабарлайды Caravan.kz.

"11 желтоқсан күні сағат 19.45 шамасында Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында өздіктерінен асылып өлу белгілері бар 4 мәйіт табылды деген хабарлама келіп түсті.

Бұл шақыруға жедел-тергеу тобы барды. Өздіктерімен асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар анықталды.

Тексеру барысында Б. есімді азаматпен жіберілген аудиожазба анықталды. Ол жұбайы Д. есімді азаматшаға өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан.

Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде орын алғандығы және бұл адамдардың ажырасқалы жатқандығы белгілі болды. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған.

Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.


Бұл ретте көрінеу жалған ақпарат тарату Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатындығын ескертеміз", — делінген мәлімдемеде.

Естеріңізде болса, осыған ұқсас оқиға бұрын Алматыда болған. Үш баласы мен өзі тоғызыншы қабаттан секіріп өлген Бақтыгүл Қыдырбаеваның атында үш несиесі болғаны анықталған еді.