“Ең кішкентай сөмке 4 миллион теңге”: Қыран Талапбек әйеліне сыйлаған сыйлықтарын көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ең кішкентай сөмке 4 миллион теңге”: Қыран Талапбек әйеліне сыйлаған сыйлықтарын көрсетті

“Ең кішкентай сөмке 4 миллион теңге”: Қыран Талапбек әйеліне сыйлаған сыйлықтарын көрсетті

Елімізге белгілі мобилограф Қыран Талапбек пен блогер, актриса Гүлзада Тұрлаш тағы да сынға қалды. Олар осы күнге дейін бір-біріне сыйлаған сыйлықтарының бағасын айтып, қымбат киімдерімен мақтанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

  • 9 Қаңтар
  • 3216
Фото - Caravan.kz

Bekbote_et есімді блогер жұлдызды жұптың үйіне барып, гардеробын көрсетті.

“Қыран Талапбекке қарапайым картоп қуырып беріп жүрген әйелі қандай сыйлық алып жүр екен” деп ойласам, ас үйде көмекшісі бар екен. Барлық тамақты сол кісі жасайды екен”, – дейді әуесқой блогер.

Өмірінде мұндай үлкен гардероб көрмегенін жасырмады.

“Сөйлей алмай қалдым ғой. Қыран, ең қымбат сөмкенің бағасы қанша? Менің алғаг ең қымбат сөмкем – 800 мың теңге болған. Сіздерде қалай”, – деп сұрады.

“Біздікі 800 мыңнан басталатын шығар. Ең кішкентай сөмке төрт миллион теңге дегенде ішімнің ашып кеткені рас. Маған ұнайтын Гүлзаданың сөмкесі – Prada брендінікі. Өзім таңдап алып бергенмін”, – дейді Қыран.

Сондай-ақ блогерлер жарнама құнын да жасырмады.

“Жақында маған кореялық компаниядан ұсыныс түсті. Жарнама жасау 1300 АҚШ долларынан басталды”, – дейді блогер-актриса.

“Бір рилс құны 2-2,5 милион теңге. Мықты компаниялармен 10 миллионға дейін келісім-шартқа отырамыз”, – дейді моблиграф.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзада Тұрлаш ер-азаматпен қалай дұрыс қарым-қатынас құру керектігін үйрету туралы курс ашып сынға қалған еді.