Ең қорқынышты фильмдердің бірі отандық кинопрокатқа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ең қорқынышты фильмдердің бірі отандық кинопрокатқа шықты

Ең қорқынышты фильмдердің бірі отандық кинопрокатқа шықты

Ең үрейлі фильмдердің бірі – «Астрал»-дың екінші бөлімі отандық кинопрокатқа шықты. Мистикалық жанрдағы көркем туынды бүтін бір отбасының ізіне түскен әруақтар хақында. Тылсым күш тірілердің ортасына оралып келу мақсатында жын-ойнақ салып, үй тұрғындарын сөзбен айтып жеткізгісіз азапқа душар етеді. Фильм небәрі бір айдың ішінде АҚШ-та 80 млн. доллар қаражат жинап үлгерген. Ал бүгіннен бастап қорқынышты туынды еліміздегі барлық кинотеатрларда көрсетілуде. 

  • 5 Қазан 2013
  • 432
Фото - Caravan.kz

Бір қарағанда қарапайым отбасы. Айырмашылығы – шаңырақтарын әзәзіл жындар жайлаған. Өзге қалаға көшіп, өздерін мазалаған әруақтардан құтылғандай болады. Сөйтсе, онысыуақытша ғана екен. Елестер соңдарынан қалмай, жаңа үйге де жетіп келген.

Жын-перілердің сондағы көздегені – балаларының жанын алып, денелеріне өздері рух боп қону. Қас қарайса болғаны, әруақтар қара ниеттерін іске асыруға кіріседі.              

Ақыры әруақтардың бірі отағасының санасын улап, жағдай тіпті қиындай түседі. Отбасыны тылсым күштерден қорғап қалмақ болып, арнайы мамандар да білек сыбана күреседі.

Нариман Әбиев, «Меломан» компаниясының қызметкері:


«Астрал2» Джеймс Ван режиссері ұсынады. Ол  «Пила» және «Зклятие», «Паранормальные явления» фильмдерімен белгілі режиссер. Мысалы, «Астрал2» небәрі 1 айдың ішінде 80 млн доллар жинады. Сондықтан, өте қызықты фильм. Келіңіздер, көріңіздер.

Қазақстанға қорқынышты туындыны «Дисней» мен «Сони» студияларының ресми дистрибьюторы «Меломан» компаниясы әкеліп отыр. Фильм зәреңізді алар үрейге негізделген. Сондықтан оны көруге тек кәмелетке толғандарға рұқсат етіліпті.