Ең танымал қазақстандық киножұлдыздар Дисней фильмдерін қазақ тіліне дубляждауға қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ең танымал қазақстандық киножұлдыздар Дисней фильмдерін қазақ тіліне дубляждауға қатысады

Ең танымал қазақстандық киножұлдыздар Дисней фильмдерін қазақ тіліне дубляждауға қатысады

Бейонсе, Уилл Смит және Ева Грин қазақстандық жұлдыздардың дауысымен еліміздің кинотеатрларында қазақ тілінде сөйлейді.

  • 12 Наурыз 2019
  • 143
Фото - Caravan.kz


2019 жылдың 13 наурызында сағат 15:00-де Орталық Коммуникациялар Қызметі алаңында «Болашақ» Корпоративтік Қорымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында 2019 жылға жоспарланған Дисней компаниясының қазақ тіліне дубляждалған 5 жаңа фильмінің тұсаукесері өтеді.

Тұсаукесердің спикерлері ретінде «Болашақ» КҚ директоры – Динара Чайжунусова, дубляжда басты рөлдерді сомдаған актерлер – Нурлан Алимжан мен Даурен Сергазин, BI Group холдингінің PR директоры – Гаухар Керимова және Меломан компаниясының ұлттық жобалар бөлімінің басқарушысы – Низами Мамедов шығады.

2011 жылдан бастап Корпоративтік қормен 27 голливудтық фильм қазақ тіліне аударылды. «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тілі түркі әлемінің 2-ші тіліне, Sony Pictures студиясының 7-ші тіліне, Уолт Дисней компаниясының 39-шы тіліне айналды және DVD, Blu-Ray және iTunes-те қол жетімді Голливуд фильмдерінің үздік 7 тілдер қатарына енді. Серіктестіктің аясында «Болашақ» КҚ-ның барлық дубляждалған фильмдері ТМД-дағы ең ірі онлайн кинотеатр ivi.ru сайтында көрермендерге ұсынылған. Осы жылы қазақ тіліне аударылған бес фильмнің тұсаукесері күтілуде: 28 наурызда — «Думбо», 12 мамырда — «Аладдин», 20 маусымда — «Ойыншықтар оқиғасы 4», 19 шілдеде — «Арыстан патша» және 28 қарашада — «Салқын жүрек 2». 2019 жылдың көктемі режиссер Тим Бертонның фэнтези стилінде түсірілген «Дамбо» отбасылық кинофильмінен басталады. 1941 жылғы танымал мультфильмнің ремейкі бізге үлкен құлағы бар кішкентай пілдің басқа жануарлардың қорлығы мен мазағынан шаршап, ұшуға үйренген оқиғасы жайлы баяндайды. Фильм дубляж демеушісі — BI Group қолдауымен 2019 жылдың 28 наурызында өтеді

Соңғы жаңалықтар