Статистикалық мәліметтер бойынша, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 21,7%-ға өскен.
Айта кетейік, қазан айында азық-түлік тауарларына 17,7 мың теңге, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтерге 14,5 мың теңге бөлінді.
Ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында (39,5 мың теңге), Нұр-Сұлтанда (37,2 мың теңге) және Алматыда (35,4 мың теңге), ал ең төмен күнкөріс деңгейі Павлодар облысында (28,3 мың теңге) және БҚО-да (28,9 мың теңге) тіркелді.