Ең төменгі күнкөріс деңгейін көбейтуден Үкімет бас тартуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ең төменгі күнкөріс деңгейін көбейтуден Үкімет бас тартуы мүмкін

Ең төменгі күнкөріс деңгейін көбейтуден Үкімет бас тартуы мүмкін

Осы қаржылық қиындықтарға байланысты еліміздегі азық-түлік себетін қайта қарау да кейінге қалдырылуы мүмкін. Себебі оның құрамын өзгертсе, ең төменгі күнкөріс деңгейін де арттыруға тура келеді. Алайда дағдарыс кезінде бұл Үкіметке тиімсіз. Өйткені зейнетақы, жәрдемақы мен жалақы мөлшері дәл осы тұтыну себетінің құрамына қарай белгіленеді.

  • 13 Қараша 2015
  • 352
Фото - Caravan.kz

Қазір құрамына 43 түрлі азық кіретін тұтыну себеті соңғы рет 2005 жылы бекітілген болатын. Алайда одан бері он жыл өтсе де халықтың жиі тұтынатын тағамдар тізіміне өзгеріс енгізілмепті. Дегенмен, Қазақ Тағамтану академиясы төрт облыс пен Алматы, Астана қалаларын аралап тұрғындардың денсаулық жағдайын, қимыл-қозғалысы мен күніне қанша килоколория қуат жұмсайтынын анықтамақшы. Осыдан кейін ғана жаңартылған тұтыну себетінің құрамы 2017 жылға қарай бекітіледі деп күтілуде. Тіпті оған кіретін тағам түрлерін 43 тен 60-қа дейін көбейту жоспарланған. 

Сәтбек Мұсабеков, Қазақ Тағамтану академиясының бөлім жетекшісі:
 

-Қазіргі жағдаймен салыстыратын болсақ осы күнге дейін келген күнкөріс деңгейінің бағасы оған жетпейді. Бір жарым екі есе. Өйткені тағамның бәрі қымбаттап жатыр. Оның бәрі өзгереді. Күмәніміз жоқ. 

Соңғы жаңалықтар